Қарағандыда кәсіпорын су қоймасына зиянды қалдықтарын төгуде (Видео)

1032

Ластанған судағы балықтар қырылып, ауаға жағымсыз иіс тараған. 

Қарағандыда кәсіпорын су қоймасына зиянды қалдықтарын төгуде (Видео)

Майқұдықтың іргесінде орналасқан Костенко атындағы шахта жанындағы елдімекеннің  тұрғындары "экологиялық апатқа душар болдық " деп дабыл қағуда.

Тұрғындардың айтуынша бұл жерде жақында ашылған кәсіпорын жұрттан қағаз қалдықтарын қабылдап, картон басып шығарады екен. Кәсіпорын зиянды қалдықтарын ауыл жанындағы су қоймасына төгеді. Осыдан кейін бір кездері өзен тәрізді ағып, мал - мүлікке жарап тұрған тіршілік көзі жағымсыз исі мүңкіген қоқыс алаңына айналған. Жұрттың айтуынша бұл жерден малда су ішпейді, балықтары қырылып қалған. Судың исі қолқаны қабады. Тұрғындар есік терезені жауып отыратындарын әрі далада көп жүрсе бастарының ауыратынын айтып көмек сұрайды, деп жазады inbusiness.kz  тілшісі.

Арыз шағымнан кейін бұл жерге санитарлы эпидемиологиялық қадағалау органы мен әкімшіліктен мамандар келген. Алайда халық олардың неге келіп не үшін кеткенін білмейді. Өйткені олар келіп кеткелі жағдай өзгермей "баяғы жартас , сол жартас" күйінде қалған.

Зауыт басшылығы жауапты орындар келгенде зиянды қалдықтарын су қоймасына төкпейтінін айтқан.  

Ал Экология департаменті бұл кәсіпорынды мораторийдің болуына орай тексере алмаған. Басқа мемлекеттік органдар осы экологтарға сілтеп отыр. Экология департаменті бұл мәселенің ақ қарасын анықтап,тексеріс жасау үшін министрліктен рұқсат сұрапты. Министрліктен рұқсатты жақында алған экология департаменті "енді тексереміз" деп білектерін сыбанып отыр.  

Арайлым Еркебаева
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу