Қарағандыда полиция тұрғын үйдің шатырына әдейі кірпіш қойып кеткен жасөспірімді іздеп жатыр

Бұл оқиға әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған.

Қарағандыда полиция тұрғын үйдің шатырына әдейі кірпіш қойып кеткен жасөспірімді іздеп жатыр Фото: Бейнежазбадан

Жасөспірім көпқабатты тұрғын үйдің төбесіне кірпіштерді қалап қойып, көпшілікке қауіп төндірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағанды облысының полицейлері аталған дерек бойынша құқық бұзушының жеке басын анықтау шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

– Баланың жеке басы анықталғаннан кейін, жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне тиісті дәрежеде көңіл бөлмегені үшін заңда көзделген жауапкершілікке тартылады, – дейді олар.

Мұндай іс-әрекеттер тұрғындардың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді. Қарағанды облысының полиция департаменті осы секілді қауіпті ойындар қатаң шаралар арқылы тоқтатылатынын ескертіп отыр. 

– Ата-аналарға балалардың жүріс-тұрысын мұқият қадағалап, мұндай құқықбұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін қатаң түрде еске салады, – деп жазылған полиция хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу