Қарағандыда кеншілерге арналған оқу орталығы ашылды

835

Қарағандыда кеншілерге арналған оқу орталығы ашылды

Қарағандыда кеншілерге арналған алғашқы оқу орталығы ашылды, деп хабарлайды 24.kz.

Мұнда аймақтағы көмір кәсіпорындарының кеншілері біліктілігін арттыратын болады. Сондай-ақ орталықта жерасты жұмысшысы мамандығын алуға да мүмкіндік бар.

Айта кетейік, бүгінде облыстағы 8 шахтаға 500-ге жуық үңгуші қажет екен. Қарағанды шахталарындағы басты ереже – метан концетрациясын бақылау. Олардың көпшілігінде жарылыс қаупі бар. Лава атмосферасындағы жағдайдың қалай жүзеге асатынын аэрогазды мамандандырылған бақылау зертханасы арқылы білуге болады. Онда тау, электротехникалық, оқыту және компьютерлік кабинеттер бар.

"Біз қазір шахтада еңбек етіп жүрген кеншілерді де оқытамыз. Бірінші мамандықтары болғандықтан, олар да білім ала алады. Ал қалған мамандықтарды тек 1 жылдық жерасты жұмысының тәжірибесімен ғана алуға болады", - деді "Шахтёр" оқыту орталығының директоры Регина Кышлалы.

Орталықта үңгуші, машинист пен тау жұмысшысы сынды мамандықтар бар. Оқу мерзімі бір айдан алты айға дейін жалғасады. Ал тәжірибелік сабақтар өңірдегі шахталарда өтеді. Ал тиісті куәлік алу үшін міндетті түрде емтихан тапсырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу