Қарағандыда бүлдіршін 12 магнитті шарикті жұтып қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сәбидің іші қатты ауырып, шағымданғаннан кейін оны көпсалалы облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізді. Дәрігерлер тексеру барысында оның ішінен жылан пішінінде тізілген магнитті шариктерді анықтады.
"Бір қарағанда бұл – жай ғана ойыншық. Бірақ ағза ішінде мұндай шарлар бір-біріне жабысып, тіндерді қысып, жыртады. Әрбір минут баланың өміріне қауіп төндіруі мүмкін еді", – деді облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу