Қарағандыда қоғамдық көлік үлкен шұңқырға түсіп кеткен

357

Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Қарағандыда қоғамдық көлік үлкен шұңқырға түсіп кеткен Фото: ekaraganda

Қарағандыда жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қоғамдық көлік үлкен шұңқырға түсіп кеткен, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 7 қыркүйек күні таңертең Гончарная көшесінде болды. № 41 бағыттағы автобус үлкен шұңқырға түсіп кеткен. 

"Жол-көлік оқиғасы кезінде қоғамдық көлікте отырған жолаушылар қатты қорыққандарын, автобус дөңгелегі шұңқырға түсіп кеткенін айтады. Жолаушылардың ешқайсысы ауыр жарақат алған жоқ", - делінген портал таратқан хабарламада.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу