Қарағандыда қоғамдық көліктерде жолақысы 100 теңге болады

269

Автопарктер жолақысын 320-380 теңге аралығында болғаны дұрыс дейді. Алайда, ең құрығанда 100 теңгеге көтеруін талап етіп отыр.  

Қарағандыда қоғамдық көліктерде жолақысы 100 теңге болады Фото: Inbusiness.kz

Автопарктер бірнеше жылдан бері жол жүру ақысын көтеруді талап етіп келеді. Ол 10 жылдан бері 80 теңге деңгейінде тұр. Автопарктер әкімдіктің автобустарды жаңарту талаптарын орындады. Бүгінгі таңда облыс бойынша маршруттармен жүретін 836 автобустың жартысына жуығы , яғни 400-і жаңа автобустарға ауыстырылды. Бірақ көпшілігі лизингке алынды. Олар үшін әлі де төлеу керек

“Дизель отыны қазір 295 тг, қыста 510. Ол 3 есе қымбаттады. Автошиналар да 3,5 есе. қазір 1 шинаның құны шамамен 140 мың теңге. Майлау материалдары 6 есе қымбаттады. Тек өткен жылы ДТ 210 теңгеден 295 теңгеге дейін көтерілді және жүргізушілердің жалақысы да бар. Егер 2014 жылы ол орташа 167 мың тг болса, онда қазір 400-450 мың” деді Жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасының басшысы Мақсат Қожанов.

Бұл ретте әкімдік автопарктерге субсидия төлемейді. Өткен жылы автопарк шығындарының 55% - ы жабылды. Тасымалдаушылардың есептеулері бойынша Қарағанды бойынша бір сапар қашықтыққа байланысты 320 - дан 380 теңгеге дейін, ал, облыстық маршруттар бойынша 530-дан 814 теңгеге дейін. Естеріңізге сала кетейік, бүгінде қала маңындағы маршруттарда “оңай” жүйесі бойынша қолма-қол ақшасыз 80 теңгеге жол жүру мүмкіндігі бар.

“Өткен жылы 13 млрд субсидия төленді. Ал, қала маңы бойынша 3,9 млрд субсидия. Мен айтқандай егер тариф көтерілсе, онда қала маңы үшін де көтеріледі. Яғни, Теміртау, Саран Шахтиснк, Абай, Топар да 100 теңге болады”- деді Жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасының басшысы Мақсат Қожанов.

Тарифті көтерудің тағы бір тетігі - билік тасымалдаушылардан негізгі бағыттар бойынша кезекші автобустарды түнгі сағат 23:00-ге дейін жүргізуді талап етеді. Ал, басты мәселе- автобустар жаңа болғанымен жүргізушілер жоқ. Облыс бойынша кадр тапшылығы шамамен 300 адамды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу