Қарағандыда көлік аялдама павильонына соғылды

283

Салдарынан көлік жүргізушісі жарақат алған.

Қарағандыда көлік аялдама павильонына соғылды Фото: видео скриншот

Жол-көлік оқиғасы өткен тәулік күні болды, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Chevrolet және Mercedes көліктері соқтығысып, одан кейін көліктердің бірі аялдама павильонына соғылған.

“Қаладағы Луначарский көшесінде Chevrolet және Mercedes көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады”, - делінген хабарламада.

Жол апатында Chevrolet көлігінің жүргізушісі жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу