Қарағандыда көлік жүргізушісі аялдама павильонын қиратты

387

Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ.  

Қарағандыда көлік жүргізушісі аялдама павильонын қиратты Фото: ekaraganda.kz

Қарағандыда жеңіл көлік жүргізушісі аялдама павильонын қиратып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 25 мамыр күні "Саран-Қарағанды" тас жолында "Лада Гранта" және "Honda CRV" көліктерінің қатысуымен жол апаты болған. Салдарынан "Honda CRV" автокөлігінің жүргізушісі автобус аялдамасына бір-ақ соғылды.

Ресурстың жазуынша, апаттан ешкім зардап шекпеген. Аялдама павильоны қирап, көлік құралдарына механикалық зақым келді. 

"Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Барлық материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу