Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

375

Қарағандыда 9-қабатты үйдегі пәтер өртеніп, 10 адам құтқарылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты Фото: canva.com

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылған.

Ведомствоға сағат 17:53 шамасында Гүлдер-1 ықшамаудандағы 9-қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. 8-қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаздар өртенген. Өрт ауданы 6 шаршы метрді құрады.

Өрт сағат 18:26-да сөндірілгені белгілі болды.

 "Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарын қолданып 10 адамды құтқарды, оның 3-і балалар, 12 адамды эвакуациялады, оның екеуі – балалар. Өртенген пәтердің екі тұрғыны қосымша тексеру үшін ауруханаға жеткізілді", - делінген министрліктің хабарламасында.

Өрт орнына жеке құрамның 30 адамы мен 8 бірлік жедел әрекет ету техникасы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу