Қарағандыда көпқабатты үйдің терезесінен 2 бүлдіршін құлап кетті

355

Оқиға Қарағанды қаласының 17 шағын ауданында болған. 

Қарағандыда көпқабатты үйдің терезесінен 2 бүлдіршін құлап кетті Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысында балалардың терезеден құлауына байланысты тағы бір қайғылы жағдай тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2021 және 2024 жылы туған екі ұл бала ересектердің қарауынсыз қалып, бесқабатты үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.

"Түрлі жарақат алған балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оқиға кезінде үйде ересектер болмаған", – делінген хабарламада.

2026 жылдың басынан бері Қарағанды облысында балалардың терезеден құлауына қатысты 10 жағдай тіркелген.

Өңірлік ТЖД ата-аналарға масаға қарсы торлардың баланы ұстап қала алмайтынын ескертті. Мамандар терезелерге арнайы бекіткіштер мен қорғаныс құрылғыларын орнатуға, терезе маңынан жиһаздарды алыстатуға және балаларды қараусыз қалдырмауды үндеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу