Қарағандыда машина жасау зауытының шатыры өртенді

478

Зардап шеккендер жоқ. 

Қарағандыда машина жасау зауытының шатыры өртенді Фото: видео скриншот

Қарағанды қаласында А. Бөкейханов атындағы ауданда "Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты" ЖШС аумағында цехтың шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағат 07:52-де өрт сөндірушілер 400 ш.м. алаңдағы өртті оқшаулауға қол жеткізді.

Өрт сағат 08:22-де сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу