Қарағандыда McDonald’s ашылады

639

Қарағандыда McDonald’s ашылады

McDonald’s жылдам тамақтану индустриясының әлемдік желісі Қарағанды нарығына қызығушылық танытты. Бірінші ресторанды олар 2019-шы жылдың соңында - 2020-шы жылдың басына қарай ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің ресми порталы.
Ол жайлы облыс әкімдігінде өткен инвестицияларды жұмылдыру және аймақтағы инвестициялық климатты жақсарты бойынша кеңестің отырысында мәлім болды. 
Жобаны McDonald’s брендінің ресми өкілі "FoodSolutions KZ" ЖШС қызметкері Екатерина Смирнова ұсынды. 
"Қазақстан дүние жүзі бойынша анымал желінің 120-шы елі болды. Алғашқы McDonald’s мейрамханасы Асанада 2016-шы жылдың 8-ші наурызында ашылған болатын. Қазіргі таңда олардың саны 11-ге жетті. Алты мейрамхана Алматыда, 4 - Астанада және біреуі Қостанайда", - деді баяндамашы. 
Ресми өкіл Қарағанды қалалық әкімдігі мейрамхананың құрылысына біренеше жер телімдерін ұсынғанын мәлімдеді. 
"Біз қала орталығынан жер ағымыз келеді. Жер телімі не қатысты мәселелерді қарастыруға бір айға жуық уақыт қажет. құрылыстың толық цикліне бір жыл кетеді. Біз Қарағандыда мейрамхананы 2019-шы жылдың соңы - 2020-шы жылдың басына жоспарлап отырмыз", - деді Екатерина Смирнова. 
Құрылысқа 2 000 - 2 500 шаршы метр жер аумағы қажет. жоспарланып отырған инвестициялар: шамамен 800 млн теңге. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу