Қарағандыда мейрамханаға келгендер төбелесті

568

Төбелеске қатысқан оннан астам адамды тәртіп сақшылары ұстап, алып кеткен.

Қарағандыда мейрамханаға келгендер төбелесті

Қарағанды қаласында ойын-сауық мекемесі жабылғаннан кейін келушілер арасында жаппай төбелес болды. Салдарынан үш адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін түн ортасында Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінің жанында мекеме жабылғаннан кейін келушілер арасында жанжал басталған. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, дау-дамай орын алған жерде ондаған адам болған. Төбелеске қатысқан оннан астам адамды тәртіп сақшылары ұстап, алып кеткен.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

"25 қазан күні түн ортасында Қарағанды қаласының ойын-сауық мекемесінің жанында, ол жабылғаннан кейін далада мас адамдар арасында жанжал пайда болды.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің жедел кезекшісі оқиға орнына патрульдік полиция полкінің жақын маңдағы барлық экипажын жіберді.

Демалыс күндері түнгі нарядтар күшейтілді, полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің арқасында оқиғаға қатысушылар ізін суытпай ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Үш адам жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Мән-жайлар анықталуда.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.

Мәлім болғандай, зардап шегушілердің біріне ота жасалды.

"Науқас түнде жеткізілді, оған ота жасалды. Зардап шеккен азаматта бауырдың сол жақ бөлігінің зақымдалуымен іш қуысына енетін пышақ жарақаты болды. Жағдайы тұрақты, хирургия бөлімінде жатыр", – деп түсіндірді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу