Қазыбек би аудандық полиция басқармасына 20 жастағы жәбірленуші мопедінің жоғалғаны туралы арыз қалдырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жәбірленушінің айтуынша, күнделікті үй ауласында тұратын екі дөңгелекті көлігі белгісіз жағдайда қолды болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.
Тергеу барысында күдіктінің түнгі уақытта үйіне қайтып бара жатып, аулалардың бірінде тұрған мопедті байқап қалғаны анықталды. Алғашында көлікті басқа аулаға апарып қоюды ойлаған ол кейін бірнеше әрекеттен соң қозғалтқышты оталдырып, мопедті айдап кеткен.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Ұрланған мопед иесіне қайтарылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.