Қарағандыда мыңға жуық тұрғын қызылша дертін жұқтырған

Жыл басталғаннан бері өңірде қызылша ауруы бойынша 128 жағдай тіркелген, оның 23-і зертханалық түрде расталды. 

Қарағандыда мыңға жуық тұрғын қызылша дертін жұқтырған  Фото: inbusiness.kz

Қазіргі таңда, Қарағанды облысында қауіпті жұқпалы ауру жұқтырудың 828 жағдайы тіркелген. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жыл басталғаннан бері өңірде қызылша ауруы бойынша 128 жағдай тіркелген, оның 23-і зертханалық түрде расталды.

"Келесі аптадан бастап ауа және тамшы жолмен жұғатын инфекциялармен, оның ішінде қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуі күтілуде. Бұл мереке күндерінен кейінгі ең төменгі инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты. Мұндай аурулардың алдын алу үшін ең сенімді алдын алу шарасы – вакцинация. Ал ауырған жағдайда вакцинация асқынулардан қорғайды. Біз ата-аналарды балаларын қосымша жаппай иммундау шеңберінде қызылшаға қарсы екпе алу үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға уақтылы жүгінуге шақырамыз. Әсіресе, 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балалар, 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларды. Сондай-ақ, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы жоспарлы иммундауға жататын 1 және 6 жастағы балаларды уақтылы вакцинациялау қажет", –  деп түсіндірді облыстың бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин.

Оның айтуынша, науқастардың басым бөлігі Қарағанды, Теміртау, Приозерск, Нұра және Қарқаралы аудандарында тұрады. Дертке шалдыққандар негізінен 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар және олардың ішінде төрт жасқа дейінгі балалар көп.

Сонымен қатар, өңір бойынша оқу жылының басынан бері қызылша 73 мектепке дейінгі ұйымдарда, 97 мектепте, 21 колледжде және 4 жоғары оқу орындарында тіркелген.

"Эпидемиологиялық маусымның басынан, 2023 жылдың қазан айынан бастап инфекциялық стационарларда қызылшамен ауыратын 600-ден астам пациент емделді, оның ішінде 441 бала және 167 ересек адам. Қызылша – ауа-тамшы арқылы берілетін және ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін өте жұқпалы жедел вирустық ауру. Кез келген адам қызылшамен ауыруы мүмкін, бірақ бұл көбінесе балаларда кездеседі", – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу