Қаладағы Жаңа-Майқұдық полиция бөлімшесіне ұйымдардың бірінің басшылығы ірі көлемдегі ұрлыққа қатысты арызданған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ішкі тексеріс барысында кәсіпорыннан бейнепанельдің жоғалғаны анықталып, ұйымға шамамен 4,5 миллион теңге көлемінде материалдық зиян келгені анықталды.
Жедел шаралар нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтады. Ол – осы ұйымның 44 жастағы қызметкері болып шықты.
Тергеу барысында ер адамның бейнепанель бөліктерін біртіндеп алып шығып, кейін толық жинақталған құрылғыны сатуды жоспарлаған екен. Ол тіпті сату үшін бірнеше хабарландыру да жариялаған.
Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданады.
Ұрланған бейнепанель тәркіленіп, заттай айғақ ретінде іске тіркелді.