Қарағандыда пышақ жарақатын алған 3 адамның біреуі қайтыс болды

590

Аталған іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Қарағандыда пышақ жарақатын алған 3 адамның біреуі қайтыс болды

Қарағанды қаласында пышақ жарақатымен үш адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

31 тамыз күні сағат 13.00 шамасында Қарағанды қаласы Октябрь ауданындағы Бабушкина көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан қалалық ауруханаға пышақ жарақаттарымен қаланың үш тұрғыны жатқызылып, оның біреуі қайтыс болған. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-тармағы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлерімен аталған іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу