Қарағандыда Санкт-Петербургтің көрме жобалары ұсынылды

1020

Көрме 23 ақпанға дейін жалғасады.

Қарағандыда Санкт-Петербургтің көрме жобалары ұсынылды

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында "Петр I Кунсткамеры" дәстүрінде" атты экспозиция ұсынылды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Ол үш көрме жобасынан тұрады. Көрме Санкт-Петербургтен әкелінген. Бұл – "елес-картиналар" атты бейнелеу голограммаларының көрмесі, ресейлік императорлық анатомиялық мұражайдың "Спиртті ғажайыпта" және "Мысыр мумиялары. Уақыт бастауында" көрмесі.

Мұражайда атап өткендей, бірінші көрмеде келушілер голография саласындағы жетістіктермен таныса алады.

"Бұл, әрине, репликалар, бірақ олар Санкт-Петербургтың ең үздік суретшілерімен жасалған, олардың әзірленуін Эрмитаждың қызметкерлері басқарған. Сондықтан жәдігерлер түпнұсқаға барынша жақын. Біздің көрмені тамашалап, қарағандылықтар көп ғасырлар бұрын ұлы патшалар таққан сәнді әшекейлерді көре алады, Ежелгі Мысыр астрологтарымен бірге жұлдыздарға жақындай алады", – дейді жоба өкілі Рушания Ғаббасова.

"Елес-картиналар" атты бейнелеу голограмаларының көрмесінде жұқа шыны пластинкаларға жазылған шедеврлердің көлемді оптикалық көшірмелері көрсетілді. Сақтардың алтыны, 16-18 ғасырлардың иконалар, Эрмитаж, Суворов мұражайы, этнография мұражайы, Әскери-теңіз мұражайының экспонаттары, сондай-ақ АҚШ-тан келген екі және үшкурстық голограммалар ұсынылған.

Ресей императорлық анатомиялық мұражайының "Спирттталған ғажайып" көрмесінде адам дамуының туа біткен ауытқулары, зиянды әдеттердің салдары және экологияның жағымсыз әсері ұсынылған. Келушілер бірегей экспонаттарды – екі басты түлкі, қаршыға және екі денесі бар сусарды көре алады. Тарихи құндылығы бар (70-тен 270 жасқа дейінгі экспонаттарға) экспозиция анатомия тұрғысынан қызықты. Коллекцияда Петербургтің бальзамдау мектебінің бірегей үлгілері жинақталған.

Көрме 23 ақпанға дейін жалғасады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу