Қарағандыда шағын автобус өртеніп кетті

379

Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.  

Қарағандыда шағын автобус өртеніп кетті Фото: ekaraganda.kz

Қарағанды қаласындағы Камская көшесінде шағын автобус өртеніп кетті, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda порталына сілтеме жасап.

Куәгерлер оқиғаны бейнежазбаға түсірген. Адамдар құтқарушылар келгенге дейін машинадан шығып үлгерді.

Бүгінгі таңда Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өртті ауыздықтады.

“2 маусым сағат 11.45-те өрт туралы хабарлама келіп түсті. 15 шаршы метр аумақта “DONG FENG” автобусы өртеніп кетті. Қызыл жалын сағат 12.00-де ауыздықталды, барлық жолаушы өртке қарсы қызмет келгенге дейін машинадан өздігінен шығып үлгерді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр”, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өртенген автобустың жеке меншік компанияға тиесілі екенін анықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу