Қарағандыда аязды күні көшеге тасталған баланың ата-анасы табылды

2011

Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән жайы анықталып жатыр. 

Қарағандыда аязды күні көшеге тасталған баланың ата-анасы табылды Фото: ҚР ІІМ

Қарағандыда полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жұмыстардың нәтижесінде нәрестені далаға тастап кеткен күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар - 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел.

"Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән жайы анықталып жатыр", - деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда полиция тастанды нәрестенің анасын іздеп жатқаны хабарланды.

Жедел басқару орталығына ер азамат қоңырау шалып, Оңтүстік-шығыс ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде нәресте жатқанын айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу