Теміржол торабындағы жабық тосқауылдан өтуге тырысқан көлік жол апатына ұшырады

280

2 адам қайтыс болды. 

Теміржол торабындағы жабық тосқауылдан өтуге тырысқан көлік жол апатына ұшырады Фото: Куәгерлерден

Қарағанды қаласында 21 қаңтар таңғы сағат 8-де "Радиоузел" станциясынан "Распорядительная" станциясына локомотив бағыт алған. Теміржол құрамы тосқауылға  жақындаған сәтте жартылай автоматты шлагбаумдар жабылды.

Алайда, сол сәтте "Lada Priora" жеңіл көлігінің жүргізушісі үлкен жылдамдықпен теміржолға шығып кетеді. Жолаушылар көлігінде 6 адам (жүргізуші және 5 жолаушы) болды. Өкінішке қарай, 2 жолаушы жан тәсілім етті. Жүргізуші және басқа 3 жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу