Қарағандыда тергеу басқармасының бұрынғы бастығына іздеу жарияланды

502

Басқарманың бұрынғы бастығы мен тергеушінің ұрлық қылмысына қатысы бары анықталды. 

Қарағандыда тергеу басқармасының бұрынғы бастығына іздеу жарияланды Фото: inbusiness.kz

Қарағанды облысында Полиция Департаментінің тергеу басқармасының бұрынғы бастығы мен тергеушісінің майнинг құрылғысын ұрлау фактісіне қатысы бар екені мәлім болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар бұған дейін жұмыстан шығарылған. Өзіндік қауіпсіздік департаменті лауазымды қызметкерлердің қатысы бар қылмыстық істі тергеп жатыр.

Басқарманың бұрынғы бастығы Рустам Кулькеев  пен тергеуші Қанатов қылмыстық  іс бойынша күдіктілер болып шықты. Әлеуметтік желіде екі күдіктінің қашып кеткені туралы ақпарат тарап кеткен. Дегенмен, полиция қызметі оларды іздеп жатыр.

"Облыстық прокуратураның келісімімен, бұған дейін жұмыстан шығарылған Тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Р. У Кулькеев пен осы басқарманың тергеушісі А.Е Қанатов аталған қылмыстық іс бойынша күдікті болып танылды. Қазіргі уақытта тергеу шарасын жүргізу үшін Кулькеевтің қайда жүргенін анықтау жұмыстары жасалып жатыр. Егер ол табылмаса, оған іздеу жарияланады", - деп мәлімдеді Полиция Департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу