Қарағандыда той кортежінің қатысушылары қауіпті әрекеттері үшін жазаланды

269

Жүргізушілер қауіпті маневрлер жасап, автотұрақта отшашу атқан.

Қарағандыда той кортежінің қатысушылары қауіпті әрекеттері үшін жазаланды Фото: Бейнежазбадан

Қарағандыда үйлену тойы кортежіне қатысқан жүргізушілер жол ережесін бұзып, қоғамдық тәртіпті сақтамағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбалардан жүргізушілердің қауіпті маневрлер жасағаны, сондай-ақ сауда орталығының автотұрағында отшашу атқаны көрінеді.

Полиция қызметкерлері құқық бұзғандардың барлығын анықтады. Олар жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны және азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Полиция жүргізушілерді жол ережесі мен қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу