Қарағандыда төртем дүниеге келді

1482

Қарағандыда төртем дүниеге келді

Қарағандыда облыстық перинаталдық орталықтардың бірінде төртем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Регина Горх перинаталдық орталыққа ауыр акушерлік патологиямен жүктілігінің 28 апталығында жеткізілді. Біздің акушер-гинекологтардың біліктілігінің арқасында балалардың өкпесі жетілуі үшін жүктілігін 31 аптаға дейін ұзарттық", - деді Қарағанды облыстық перинаталдық орталығының директоры Сәуле Аманбекова.

Биыл 4 сәуірде ол кесарь тілігімен үш ұл мен бір қызды дүниеге әкелді. Балалар шала туылғандықтан, олардың салмақтары 1095 грамм, 1745 грамм, 1890 грамм және 1760 грамм болған.

"Анасы мен балалар бір ай бойы интенсивті терапия бөлімінде жатты. Олардың өмірі үшін дәрігерлер мен медбикелер күресті. Егіздердің әкесі де күні-түні қастарында болды", - деді Сәуле Аманбекова.

Қазіргі таңда балалар жетіліп, салмақ қосқан. Өз кезегінде, ата-анасы сәбилерге мынадай есімдер берді - Эмма, Вильгельм, Иоганн және Готтлиб.

"Бізде егіздер, үшемдер жиі дүниеге келеді. Бірақ, төртем алғаш рет туылды", - деп атап өтті облыс орталығынан.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу