Қарағандыда тұрғын үйден өрт шығып, 1 адам қаза тапты

340

Оқиға 6 қаңтарда кешке Әбдіров даңғылындағы 12 қабатты тұрғын үйде болған.

Қарағандыда тұрғын үйден өрт шығып, 1 адам қаза тапты Фото: ТЖМ

Бесінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен тұрмыстық заттар өртенген, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"Өрт сөндірушілер сегіз адамды (оның бесеуі – бала) құтқару үшін арнайы құрылғыларды пайдаланды. 15 адам баспалдақ арқылы эвакуацияланды",  – деп хабарлады өңірдегі құтқарушылар.

1997 жылы туған ер адам жанған заттардың кесірінен түтінге уланып қайтыс болды.

Жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттің себебі анықталып жатыр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу