Қарағандыда түрмеден қашқан сотталушы ұсталды

557

Жазасын өтеуші медициналық мекемеде жатқан жерінен қашып кеткен. 

Қарағандыда түрмеден қашқан сотталушы ұсталды Фото: Қарағанды облысы ПД

Полиция қызметі темір тордан құтылғысы келген жазасын өтеушіні бір тәулік өтпей ұстады.

Аса ауыр қылмысы үшін сотталған Батыс Қазақстан облысының тумасы 35 жаста .

“Қарағанды қалалық Полиция басқармасы, Михайлов полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауруханадан қашқан сотталған азамат қаладағы гараждардың бірінің маңынан ұсталды. Ол полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде”,- деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағандыда сотталған азамат медициналық мекемеден қашып кеткенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу