Қарағандыда үй ауласында балаларға тиіскен ер адам ұсталды

768

Тұрғындар ер адам балаларға зорлық - зомбылық жасауы мүмкін деген күдікпен полиция шақырған.

Қарағандыда үй ауласында балаларға тиіскен ер адам ұсталды Фото: baq.kz

Әлихан Бөкейхан атындағы ауданның тұрғын үй ауласында балаларға тиісіп, оларды бақылап жүрген ер адам 2 сәуірде көзге түсіп қалған. Мұны көрген тұрғындар полиция шақырған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шынында да, 2 сәуір күні Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне көп қабатты үйлердің ауласының бірінде белгісіз біреу балаларға тиіскені туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына келген жедел-тергеу тобымен күдіктінің балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық көрсетпекші болғаны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы күдікті ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24 бабы 3 тармағы -121 бабының 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды,деп хабарлады Қарағанды облысының ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Қазіргі уақытта 34 жастағы күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу