Қарағандыда үстел теннисінен кәсіби спорт клубы құрылды

551

Клуб жұмысын алға ілгерілету мақсатында шетелдік жаттықтырушылар мен легионер спортшылар шақырылады.

Қарағандыда үстел теннисінен кәсіби спорт клубы құрылды

Қарағанды облысы үстел теннисі федерациясының бастамасымен Қарағандыда жергілікті "Қарағанды" кәсіби спорт клубы ашылды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Клуб мақсаты – спортшылардың шеберлігін шыңдап, кәсіби спортта жоғары нәтижеге қол жеткізу және өңірдегі, қала мен облыстағы үстел теннисі спортының дамуына ықпал жасау.

"Қарағанды" сапында еліміздің ересектер ұлттық құрамасы мен жастар, жасөспірімдер қатарында ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшылар бар. Атап айтқанда, Зәуреш Ақашева, Владислав Захаров, Эрик Райтер, Анастасия Лаврова, Алан Құрманғалиев, Темірлан Ким, Александра Смирнова, Әмір Торғайбеков, Арай Ашкеева, Жанерке Көшкімбаева.

Клуб жұмысын алға ілгерілету мақсатында шетелдік жаттықтырушылар мен легионер спортшылар шақырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу