Қарағандыда велосипедшіні көлік қағып кетті

569

Салдарынан велосипед тізгіндеген 57 жастағы ер адам қаза тапты. 

Қарағандыда велосипедшіні көлік қағып кетті Фото: ekaraganda.kz

Қарағандыда BMW көлігі 57 жастағы велосипедшіні қағып кетті. Ер адам ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 12 қазан күні сағат 19: 31-де болды.

“Магнитогорская көшесі бойындағы “Оптима” сауда үйі маңайында BMW көлігінің 19 жастағы жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтіп бара жатқан велосипедшіні қағып кетті. Бұл факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды”, - делінген хабарламада.

Салдарынан 57 жастағы ер адам ауыр жарақат алып, дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды. Полиция тергеуді жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу