Қарағандыда зейнеткер өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

952

85 жастағы зейнеткер 50 жастағы ұлын өлтірді деген күдікке ілінді.

Қарағандыда зейнеткер өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді Фото: inform.kz

Облыстық полицияның мәліметінше, 26 сәуір күні Ермеков көшесіндегі пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген белгілері бар ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның жанында 85 жастағы анасы, яғни пәтердің иесі болған.

"Анасы мен ұлы облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр", деді Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы аясындағы өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу