Қарағандыда жасөспірім су қоймасына батып кетті

252

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

Қарағандыда жасөспірім су қоймасына батып кетті Фото: astanatv

Қайғылы оқиға кеше, 17 маусымда "Көгілдір тоғандар №2" жасанды су қоймасында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шомылуға арналмаған әрі тыйым салынған жерде суға түскен 2010 жылы туған жасөспірім суға батып кеткен. Оқиға туралы құтқару қызметіне марқұмның қасында болған екі досы хабарлаған.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға шомылуға тек арнайы жабдықталған жағажайлар мен демалыс орындарында ғана рұқсат етілетінін еске салады.

Тыйым салынған және бейтаныс жерлерде суға түспеңіздер, өз мүмкіндіктеріңізді асыра бағаламаңыздар және балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыздар.

Қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау адам өмірін сақтауға және қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу