Қарағандыда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан баланы көлік қағып кетті

3657

Алған жарақаттары салдарынан оқушы көз жұмды.  

Қарағандыда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан баланы көлік қағып кетті Фото: ekaraganda.kz

Бүгін таңертең Қарағанды көшелерінің бірінде жол талғамайтын көлік 12 жасар оқушыны қағып кетті. Бала жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан, деп жазады inbusiness.kz сайты kazinform-ға сілтеме жасап.

Жайсыз оқиға бүгін таңертең сағат 8.00 шамасында болды.

"Тойота" жол талғамайтын көлігін басқарған 51 жастағы жүргізуші Аманжолов көшесімен келе жатқан. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 12 жасар оқушыны қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан медициналық мекемеде қайтыс болды. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.

Оқиға орнында түсірілген бейне әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Желі пайдаланушылары бұл жаяу жүргіншілер өткелінің өте қауіпті екенін және жүргізушілер әрдайым тоқтай бермейтінін айтады.

Өз кезегінде полиция департаменті жол қозғалысының қатысушыларын өте мұқият болуға және жылдамдық режимін сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу