Қарағандыда жеңіл автомобиль мен жүк көлігі соқтығысты

546

Салдарынан екі адам зардап шекті.  

Қарағандыда жеңіл автомобиль мен жүк көлігі соқтығысты Фото: google

Қарағандыда жеңіл автомобиль және жүк көлігі соқтығысты. Бұл факт полицияда тіркелді, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda порталына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 31 мамыр күні болған. Жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан жеңіл автокөліктің 30 жастағы жүргізушісі мен 22 жастағы жолаушысы зардап шекті.

"31 мамыр күні сағат 09.20 шамасында Daewoo Nexia және Howo көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Аталмыш факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу