Қарағандыда жеңіл көлік жүргізушісі тірекке соғылып, қаза тапты

295

Қайғылы оқиға 1 қазан күні болған. 

Қарағандыда жеңіл көлік жүргізушісі тірекке соғылып, қаза тапты Фото: ekaraganda.kz

Қарағандыда 51 жастағы көлік жүргізушісі металл тірекке, одан кейін ағашқа соғылды. Салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda порталына сілтеме жасап.

Жол апаты 1 қазан күні сағат 14.50 шамасында болған.

"51 жастағы ВАЗ көлігінің жүргізушісі Республика даңғылынан Мұқанов көшесі бойымен Құрылысшылар даңғылына қарай жүріп келе жатып, тізгінге ие бола алмады. Нәтижесінде металл жарықтандыру тірегіне, одан соң ағашқа соғылды. Бұл факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу