Қарағандыда жоғалған ер адамның мәйіті табылды

504

33 жастағы қала тұрғыны 15 шілдеде жоғалып кеткен.

Қарағандыда жоғалған ер адамның мәйіті табылды

Қарағанды облысында 3 айға жуық уақыт бұрын жоғалған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іздестіру шаралары үш айға жуық уақыт жүргізілді. Оған полиция қызметкерлері, жоғалған азаматтың жақындары, еріктілер жұмылдырылды.

Полицейлер барлық күш-құралдарды жұмылдырып, оның жақындары мен таныстары бойынша да ақпараттар жинады. 

"Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттері барысында криминалдық полиция қызметкерлері жоғалған азаматты өлтірді деген күдікпен 38 жастағы қала тұрғынын ұстады. Оның айтуынша, жәбірленушімен сөзге келіспей қалып, оған дене жарақаттарын келтірген. Қылмысын жасыру мақсатында мәйітті жер үйлердің бірінің қорасында көміп тастаған", - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин. 

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу