Қарағандыда жол қиылысында жүк тиегіш мотоцикл аударылып кетті

431

Салдарынан 64 жастағы мотоцикл жүргізушісі зардап шекті. 

Қарағандыда жол қиылысында жүк тиегіш мотоцикл аударылып кетті Фото: ekaraganda.kz

Қарағандыда үш доңғалақты жүк тиегіш мотоцикл көлікпен соқтығысты, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Салдарынан жүк тиегіш мотоцикл аударылып, 64 жастағы жүргізуші зардап шекті. Ол жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 15 қыркүйек күні сағат 11.00 шамасында болған.

"Сейфуллин-Крылов көшелерінің қиылысында екі көлік – мопед пен Toyota көлігі соқтығысты. Бұл дерек полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалып, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу