Қарағандыда жолдарды орташа жөндеу жұмыстары күзде аяқталады

636

Қарағандыда автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары мамыр айында басталған болатын. 

Қарағандыда жолдарды орташа жөндеу жұмыстары күзде аяқталады

Қарағандыда жолдарды орташа жөндеу жұмыстары қазан айының соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Қарағандыда автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары мамыр айында басталған болатын. Осы жылдың қазан айының соңына дейін қала орталығында, Оңтүстік-Шығыста, Майқұдық, Пришахтинск, Михайловка және Федоровка аудандарында 16 жол ретке келтірілмек. Орталық пен Оңтүстік-Шығыста төрт көше - Бұқар-Жырау, Чижевский, Сәрсеков, Комиссаров даңғылдары, Күнгей ықшам ауданындағы екінші көше, Степной 1,2 және 3 ықшам ауданындағы жолдар, Ескі әуежай ықшам ауданындағы көшелер және Үштөбе кентіндегі жолдан Қуанышбаев көшесіне шығатын учаске жөнделеді",– делінген хабарламада.

Сондай-ақ Майқұдықта үш жол жөнделеді: Архитектурная, Күзембаев көшелеріндегі жолдар және 14 шағын ауданды әскери бөліммен байланыстыратын учаске. 

Пришахтинск шағын ауданында орташа жөндеу жұмыстары Саран шоссесінде және Ишимская көшесінде жүреді.

Михайловкада Садоводов, Федоровкада Разрезовский және Депутатская көшелері қалыпқа келтіріледі. 

Жөндеу жұмыстарын осы жылы қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу