Қарағандыда жүк көлігі мен жеңіл автомобиль соқтығысты

369

Салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі жарақат алды. 

Қарағандыда жүк көлігі мен жеңіл автомобиль соқтығысты Фото: eKaraganda

Қарағанды қаласында жүк көлігі мен жеңіл автомобиль соқтығысып қалды, деп жазады inbusiness.kz Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 10 қазан сағат 17:10-да болған.

"Toyota-центр ауданында Shacman жүк көлігі мен Hyundai жеңіл көлігі соқтығысты. Бұл дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Hyundai көлігінің 31 жасар жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу