Қарағандыда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсырған жігіт көлікті соғып алды

289

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қарағандыда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсырған жігіт көлікті соғып алды Фото: ekaraganda.kz

Қарағандыдағы мамандандырылған ХҚКО автодромында практикалық емтихан тапсырып жатқан 19 жастағы үміткер көлікпен қоршауға соғылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде емтихан алаңында болған жол-көлік оқиғасының видеосы тарады. Қарағанды облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының мәліметінше, апатқа үміткердің қателігі себеп болған.

Мекеме өкілдерінің айтуынша, мұндай жағдайлар емтихан кезінде ара-тұра кездесетінін, оның басты себебі жүргізуші куәлігін алуға үміткерлердің дайындық деңгейінің жеткіліксіздігі екенін атап өтті.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, көлікті басқарған 19 жастағы қыз абайсызда педальдарды шатастырып, қоршауды қағып кеткен.

Жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу