Қарағандыда жылу мен ыстық су бағасы қымбаттады

458

1 қаңтардан бастап Қарағандыда жылу мен ыстық су тарифі көтерілді.   

Қарағандыда жылу мен ыстық су бағасы қымбаттады Фото: qostanai.media

Бұл туралы "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС ресми сайтында жазылған, деп жазады inbusiness.kz Ekaraganda порталына сілтеме жасап.

Егер былтыр қала тұрғындары жылу үшін бір шаршы метрге 126,81 теңге төлесе (жылуды пайдалану нормасы бойынша), 1 қаңтардан бастап тариф 143,80 теңгеге дейін көтерілді. Бұл үйінде жылу есептегіштері жоқ тұтынушыларға қатысты.

Жылу есептегіштері бар қарағандылықтар үшін жылумен жабдықтау қызметінің тарифі 1 Гкал үшін 3 729,73 теңгеден 4 229,44 теңгеге дейін өсті.

Бұдан бөлек ыстық су бағасы да өсті. Есептеу құралдары арқылы төлейтін тұтынушылар үшін бір текше метр үшін 395,73 теңгеден 442,99 теңгеге дейін артты. Қысқы мерзімде есептеу құралынсыз ыстық су тарифі бір адамға айына 1258,42 теңгеден 1408,72 теңгеге дейін ұлғайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу