Қарағандыда жылына 27 млн тапсырыс қабылдайтын қойма ашылады

172

Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді.

Қарағандыда жылына 27 млн тапсырыс қабылдайтын қойма ашылады Фото: canva.com

Қарағандыда электрондық сауда үшін заманауи сауда-логистикалық қойма ашылады. Облыстың екі әуежайы жаңғыртылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қыркүйек айында Қарағандыда Teez маркетплейсі жұмысын бастады. Қойма терминалдың ашылуы өңірдегі электронды сауданың дамуын жеделдетті. Платформаның қуаттылығы — жылына 27 миллион тапсырыс. Бұл шағын және орта кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін ынталандырады",  – деді облыс әкімі.

Ермағанбет Бөлекпаев логистиканы өңірдің экономикалық өсімінің негізгі бағыттарының бірі ретінде атап өтті. 

"Қарағандыда халықаралық логистиканы дамыту үшін жергілікті әуежайды жаңғырту қажет. Уақыт өте келе әуе айлағы жылына 50 мың тонна жүк тиейтін жүк терминалына айналады. Бүгінде ол Эквадордан, Нидерландыдан, Бельгиядан және Оңтүстік-Шығыс Азиядан коммерциялық жүк рейстеріне қызмет көрсетеді. Болашақта Қытайдан Еуропаға ұшатын әуе кемелерінің техникалық қонуын ұлғайту жоспарлануда",  – деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі Балқаш әуежайын қайта құру маңызды жоба екенін атап өтті. 

"Болашақта бұл жоба әуежайдың өткізу қабілетін 30%-ға арттырып, басқа өңірлермен әуе қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді",  – деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу