Қарағандыдағы Костенко шахтасында жарылыс болып, 11 адам қаза тапты

715

Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.

Қарағандыдағы Костенко шахтасында жарылыс болып, 11 адам қаза тапты Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Әртүрлі дене жарақатымен 18 кенші ауруханаға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 техника мен 3 психолог маман жұмыс істеп жатыр. 

"Қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Біз сіздермен бірге боламыз және осы қиын күндерде сіздерді қолдаймыз", – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу