Қарағандыдағы саябақта жазғы оқу залы ашылды

940

Қарағандыдағы саябақта жазғы оқу залы ашылды

Қарағандыдағы орталық саябақтың бірінде жазғы оқу залы ашылды, деп хабарлайды 24.kz.

Енді қала тұрғындары ашық аспан астында серуендеп қана қоймай кітап оқып, тыныға да алады. Облыстық кітапхана ұжымы мұнда 500-ден астам кітап әкеліпті. Түрлі жанрдағы әдебиеттерді жұрт таласып алып жатыр. Әсіресе балалардың қызығушылығы жоғары. Оларға тіпті кітапты үйге алып кетуге де рұқсат етілген. Игі шара әр аптаның сейсенбісі мен бейсенбісі күндері өтетін болады..

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу