Қарағандыдағы "Шахтер" стадионында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

599

Мұнда ауқымды қалыпқа келтіру соңғы рет алты жыл бұрын жасалған. 

Қарағандыдағы "Шахтер" стадионында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында спорттық нысанның көптен күткен жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады. Жеңіс Қасымбек құрылыс жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты.

Қазір стадионда мамандар мінбедегі орындықтарды ауыстырып, қасбетті сырлауға дайындап жатыр, сондай-ақ мінбедегі және аумақтағы үй-жайларды, шешінетін орындарды, жуынатын бөлмелерін жөндейді. Бұдан басқа, жаңа газон үшін алаң дайындайды. Жасыл жабын жасанды, жылыту және автоматты суару жүйесімен жұмыс істейтін болады. Алаң енді төртінші санатқа сай және Қазақстан футбол федерациясы мен УЕФА талаптарына сәйкес келеді.

Сонымен қатар, облыс әкіміне стадионда жарықтандыру жүйесі жақсартылады деп баяндалды. Алаңды жарықтандырудың электр қуаты ұлғайтылды. Кешенді жөндеуге жүгіру жолдары мен белгілеулерді ауыстыру да кірді. Жоспар бойынша барлық жұмыстар 1 тамызға дейін аяқталмақ.

"Шахтер" стадионының директоры Вячеслав Мазитов "Локомотив" және "Литейщик" стадиондарында жөндеу жұмыстарын бастайтынын айтты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу