Қарағандыдағы зообаққа пілдер мен керіктер, ақ аюлар сатып алынады

1309

Қазіргі уақытта хайуанаттар бағының аумағында жаңа ғимараттар салынып жатыр. Жұмыстар 2018 жылдың сәуірінде басталған еді.

Қарағандыдағы зообаққа пілдер мен керіктер, ақ аюлар сатып алынады

Қарағанды қаласындағы хайуанаттар бағына пілдер мен керіктер,ақ аюлар сатып алынады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Қаумалдарды кеңейтіп, қалпына келтіргеннен кейін пілдер, керіктер мен ақ аюлар сияқты ірі жануарлар сатып алынбақ.

Қазіргі уақытта хайуанаттар бағының аумағында жаңа ғимараттар салынып жатыр. Жұмыстар 2018 жылдың сәуірінде басталған еді.

Ғимарат негізгі бөліктен және атриум-мұнарасынан тұрады. Негізгі бөлігінде екі жерүсті қабаты мен төменгі қабат бар, онда асхана, кір жуатын орын, қойма, элеваторлық түйін мен техникалық бөлмелер орналасқан. Мұнараның бірінші қабатында герпетарий және аквариумдарды орналастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу