Қарағандыдан Астанаға баратын пойыз жайлы вагондармен жаңарды

182

Вагондар қазіргі заманғы еуропалық стандарттарға сәйкес келеді және салонның жақсартылған жоспарлануымен және жолаушыларға арналған бірқатар жайлылықтармен ерекшеленеді. 

Қарағандыдан Астанаға баратын пойыз жайлы вагондармен жаңарды Фото: «Жолаушылар тасымалы»

Қарағанды – Астана бағыты бойынша Comfort+ форматындағы жаңа электр пойызы жүре бастады.  Қолжетімділік пен инклюзивтілікке назар аударылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, электр пойызы алты вагоннан тұрады және 576 орынға есептелген.

Қозғалысы шектеулі жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін автоматты жылжымалы баспалдақтар қарастырылған.

Вагондардың интерьері заманауи. Әрбір отыратын орын мобильді құрылғыларды зарядтауға арналған USB ажыратқыштармен жабдықталған. Вагондарда сусындар мен жеңіл тағамдар сатып алуға арналған вендингтік автомат орнатылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу