Қарағандыға оттегі концентраторлары жеткізілді

528

Бұл аппараттар Қарағанды облысының 35 емдеу мекемесінің арасында бөлінетін болады.

Қарағандыға оттегі концентраторлары жеткізілді

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен "Қазақмыс" корпорациясы арасында жасалған коронавируспен күрес бойынша бірлескен іс-шаралар туралы меморандум шеңберінде Қарағандыға оттегі концентраторлары жеткізілді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Бірінші концентраторлар компания орналасқан – Балқаш, Жезқазған және Сәтпаев қалаларының медицина мекемелеріне, 1 200 аппарат облыс ауруханаларына жеткізілді.

Еске сала кетсек, алдында корпорация аталған қалалар үшін он ӨЖЖ аппаратын, үш виброакустикалық аппарат сатып алып берген болатын, үш компьютерлік томографтың жеткізілуі күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу