Қарағандылық бизнесмендер жаңа тексеріс регламентінен үрейленіп отыр

486

Қазақстанда шағын орта бизнесті тексеру мораторийі аяқталды. 

Қарағандылық бизнесмендер жаңа тексеріс регламентінен үрейленіп отыр Фото: freepik

Тексеруге қоғамдық тамақтану объектілері, сауда салалары және өндіріспен айналысатын бизнестер жатады. Кейбір қарағандылық кәсіпкерлер дабыл қағып жатыр. Олар нақты неден қорқып отыр және кәсіпкерлерге не ұнамайды? Бұл сауалдың жауабын inbusiness.kz сайтының тілшісі анықтап көрді.

Президенттің кәсіпкерлерге берген тексеру мороторийі аяқталды. Енді биылдан бастап, құзырлы орган өкілдері Экономика министрінің шығаратын автоматты біріңғай тізімі бойынша тексеріс аша алады. Осы ретте, бұрын заңды бұзғандар мен істі болған кәсіпкерлер аса бақылауда болатындығын айта кеткен жөн. Аталмыш бағдарлама екінші жарты жылдықта іске қосылады. Әзірге тек тізім жасалып, кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр.

"Кәсіпкерлік кодексіне өзгерістер енгізілді. Ол жерде бақылаудағы, есепке алынған объектілерді 5 пайыздық құрамы тексеру кестесіне енгізіледі. Қарағанды облысы бойынша 16717 объект есепте болса, соның 5-ақ пайызы тексеруге жатады", - деп түсіндірді Аманбек Бейсембаев, Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылығы кәсіпкерлерге алаңдауға еш негіз жоқ екендігін тілге тиек етті. Олардың айтуынша, заңбұзушылыққа жол бермегендер жұмысын уайымсыз жалғастыра берсе болатын көрінеді.

"Тексерістердің бәрі кәсіпкердің өзінің жұмысын атқаруына байланысты. Заң талабын сақтаса, айлық есептерін сақтаса  болды", - деді Әлхайдар Асқаров, Қарағанды облыстық кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, осы мәселе қоғамдық тамақтану орындарының басшыларын алаңсыз қалдырмады.

"Бұл мәселе қазір баршамызды алаңдатып отыр.  Біз мораторий болған екі жылда кәсіпкерлер кодексінде талай өзгеріс болғанын да айта кеткеніміз жөн. Тексеріс барысы толықтай өзгерді. Бұрын жоспарлы және жоспарсыз тексеріс болса, қазіргі таңда бақылаудың талай түрі шықты", - деді Марина Лаптева, "Дара Кәсіпкерлер мен Заңды Тұлғалардың" Республикалық бірлестігі бөлшек сауда қауымдастығының вице-президенті.

Алайда, мамандар ешқандай заңға қайшы іс жасамасаңыз, бизнесіңізді әдеттегідей дөңгелетіп отыра берсеңіз болады дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу