Қарағандылық кәсіпкерлер Германияда тегін оқиды

682

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы жергілікті бизнес өкілдерін оқуға қатысуға шақырады. 

Қарағандылық кәсіпкерлер Германияда тегін оқиды

Қарағандылық кәсіпкерлер Германияда тегін тағылымдамадан өтеді. Бұл "Іскерлік байланыстар" жобасының арқасында мүмкін болып отыр, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Жоба аясында оқыту 8 шілдеде басталады. Оған кез келген кәсіпкер қатыса алады.

"Іскерлік байланыстар" жобасының белгілі бір талаптары бар. Қатысушы басшылық құрамында, кәсіпорын басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымға ие болуы тиіс. Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде оқыту Қазақстанда өтеді. Екінші кезең шетелде тегін тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өтуді қарастырады, оның ішінде шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату қарастырылған", ­– деп түсіндірді Қарағанды облысы КП қаржылық емес қолдау бөлімінің сарапшысы Аянна Тыныбаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу