Қарағандылық оқушылар Қазақстан тарихын комикстер арқылы оқып жатыр

821

Жылына 4 комикс шығару жоспарланған. 

Қарағандылық оқушылар Қазақстан тарихын комикстер арқылы оқып жатыр Фото: gov.kz

Қарағандыда комикстер мен аниме арқылы ел тарихын зерделеудің ерекше тәсілі қолға алынды, деп жазады inbusiness.kz облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Н.Нұрмақов атындағы Қарағанды мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары пәндерді комикстер арқылы оқып жатыр.

Тарихи тұлғалар туралы аниме-комикстер жасау идеясының авторы –  тарих пәнінің мұғалімі Әсем Тарыбаева. Ұстаз  орта сынып оқушыларының "Наруто" анимесіне қызығушылық танытқанын байқаған.

"Жоғары сынып оқушыларына қазақ комикстерін жасауды, бірақ кейіпкерлерді аниме стилінде бейнелеуді ұсындым. Мені 11 сынып оқушылары қолдады. Біз өткен жылдың қараша айында "Қазақ хандығы" атты алғашқы журнал шығардық. Ол 20 беттен тұрады. Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" романы негізге алынды", - деді Әсем Тарыбаева.

Мұғалімнің бастамасын қолдаған оқушылар сурет салуды арнайы оқымағанын атап өтті. Ақпаратқа сәйкес, олар алғашқы аниме комикстерін дайындауға екі айға жуық уақыт жұмсады.

Білім ордасының басшылығы комикстер шығаруда оқушыларды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда "Алаш зиялылары" атты екінші журналды шығару бойынша жұмыстар қолға алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу